"Талап селосы әкімінің апппараты" мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Талап селосының әкімі Ғ.Е.Битеновтың Талап селолық округінің 9 айлық экономикалық саяси жағдайы туралы ақпарат

Талап селосының әкімі Ғ.Е.Битеновтың Талап селолық округінің 9 айлық экономикалық саяси жағдайы туралы ақпарат

Опубликовано: 10 ноября 2017

        Талап селолық округінің экономикалық саяси жағдайы тұрақты. Статистикалық көрсеткіш бойынша  селодағы  халық саны -693, оның ішінде экономикалық белсенді халық саны -352 адам, жұмыс істейтіндер саны -240 адам, зейнеткерлер саны- 96 (оның ішінде зейнет жасындағылар – 75, мүгедектікке байланысты жәрдемақы алатындар саны- 21) , көп балалы жәрдемақы алатындар саны – 13 , 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы алатындар саны -2 отбасы (бала саны -10).

       Ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалау басты назарда. Ауыл тұрғындары өз өтініштері бойынша Жезқазған қаласындағы Емханаға бекітіліп берілген, мұнда ауыл тұрғындары тегін ем алып, медициналық тексерістен өте алады, халыққа алғашқы көмек көрсетуге дәрі – дәрмектермен толық қамтамасыз етілген. 2017 жылы фельдшерлік бөлімшеге – 670 адам тіркелген, бөлімшеге жыл бойына келіп емделгендер  саны – 1302,  үйге шақыртулар – 430. Бүгінгі күні селода фельдшерлік бөлімшеде бір мед.бибі халыққа қызмет көрсетеді, кабинетпен қамтамасыз етілген. Биылғы жылы 101 адам скрининг тексерісінен өтті.  Ай сайын дәрігерлер келіп балаларға  егіп- емдеу жұмыстарын жүргізіп тұрады. Көктемгі кезде ауыл халқы толық флюорографиялық тексерістен өтті.

       Селодағы   №14 ЖОББ мектебінде 103 бала дәріс алады . Балапан бағдарламасы шеңберінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен  және  оқытумен  қамтамасыз  ету  мақсатында  Талап  ауылының  № 14 мектебінің жанындағы  шағын орталығында 25 орынға балалабақша ашылған. Бүгінгі күні халықтың балабақшаға сұранысы толық қанағаттандырылды. Биылғы жылы мектептің жылу қазандығын төтенше жағдайлар жөніндегі  басқармасының шешіміне байланысты  ғимарат ішінен сыртқа шығаруға шешім шығарылған. Осыған байланысты қалалық бюджеттен 6 млн 190 мың теңге қаржы бөлініп, тендер ойнатылып ,ЖШС «Жаңақұрылыс» жеңімпаз анықталып,  жаңа қазандық сатып алынып, бөлек ғимаратқа орнатылып , іске қосылды.

      Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларынан 66 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.

       Биылғы жылы  Бірыңғай ұлттық тестің көрсеткіші бойынша №14 ЖОББ мектебі қала бойынша 2 орынға ие болды.

      Жезқазған қаласының Жастар ресурстық  ортылығының  директоры – Б.И.Көпбаевтың  қатысуымен және ауыл жастарының арасында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, еңбек пен жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік қызметіне қолдау көрсету, жас отбасыларды мемлекеттік қолдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын өткізуге жағдай жасау, талантты жастарды мемлекеттік қолдау т.б. Осы кездесудің аясында жастарға біршама бағыт бағдар беріліп,  әлеуметтік жағдайы аз қамтылған  отбасынан 2 оқушы «Жасыл ел» бағдарламасына  қатыстырылып, жұмыспен қамтылды.

       2017 жылғы  бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша ауыл тұрғындарының және мектеп оқушылары мен мектеп ұжымының қатысуымен бірнеше іс – шаралар өткізіледі, сенбілік, таза бейсенбілік т.б.

      Жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында бокс, волейбол, баскетбол, шашки, шахмат т.б  спорт секциялары, шебер қолдар қазақтың ою-өрнектері, «Әсем-ай» ән-би үйірмелері және өртке қарсы  жасөспірімдерден құралған үйірмелер жұмыс істейді. Оларға қатысатын оқушылар әртүрлі деңгейдегі қалалық, облыстық, 
Халықаралық дәрежедегі конкурс, сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен марапатталып, медальдар тағынып, кубоктарды жеңіп алуда.

      Селода байланыс телефондар саны 143, «Мегалаин» жоғарғы желідегі интернетке және AIDI ТВ желісіне  және Отау ТВ желісіне қосылған. Бүгінгі күні ауыл  тұрғындарының  45 пайызы  Электронды  Цифрлық  Қолтаңбаларын  алған, керекті құжаттарды интернет арқылы жергілікті жерден алуда.

      2017 жылғы Әкімнің есеп беру жиналысында көтерілген бірінші мәселе бойынша  Жезқазған – Талап  арасындағы 18 км ауыз- су құбырына биылғы жылы сметалық құжаттарды қайта даярлауға жергілікті бюджеттен 15609 (он бес миллион алты жүз тоғыз ) мың теңге қаржы қарастырылып, тендерді «Аква- Рем » ЖШС  ұжымы жобаны ұтып алып, құжаттарын  дайындауда. Бұл жоба Жезқазған қаласының 2018 жылғы  3 жылдық даму бағдарламасына  енгізілді. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына  ауыз су үздіксіз беріледі, су құбырлары жарылып жөндеу жұмыстары жүргізілген  кездері уақытпен беріліп тұрады.

           Көтерілген екінші мәселе Жезқазған – Талап арасындағы тас жолдың жөндеу жұмыстары.    Республикалық бюджеттен   111 млн қаржы бөлініп,  18 км жол  толық жөндеуден өтті . Бүгінгі күні кіре – беріс жолдарды жөндеу жұмыстарына  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша  580 мың қаржы бөлініп , тендер ойнатылып, жеңімпаз анықталып ЖК «Жылтыркөзовамен» келісім шартқа отырып жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кіре – беріс жолдардың толық жөндеу жұмыстарына 8 млн теңгенің  сметалық құжаты дайындалып, 2018 жылдың Жезқазған қаласының 3 жылдық даму бағдарламасына енгізілді.

      Село тұрғындарымен  Казэнергоцентр өкілдерімен бірнеше мәрте кездесулер ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Электр жарығы бойынша 2 түбіртек арқылы төлемдерді төлеуде қиындықтар туындаған жоқ, ауыл тұрғындарының 95 пайызы Казэнергоцентр мекемесіне ауысқан .

      Учаскелік полиция профилактикалық жұмыстармен айналысады. Талап ауылына  қарасты  шаруа қожалықтарын аралап , қожалық жұмыскерлерінің құжаттарының заңдылықтарын тексеріп тұрады. Кешкі , түнгі уақыттарда  ауыл ішінде және сыртында қылмысты болдырмау , алдын алу мақсатында профилактикалық іс- шаралар жүргізеді.

      Ауылда әр мереке сайын түрлі мәдени іс- шаралар ұйымдастырылып тұрады:  8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22 Наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелерін ауыл тұрғындарының қатысуымен концерттік, мерекелік дастархан, ойын-сауық кештері ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасыларына дастархан жайылды.

         9 мамыр- Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Ешкім де , ешқашан ұмытылмайды» атты ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды.

        Сондай –ақ 1 маусым «Балаларды қорғау» күніне арналған мерекелік іс- шара мәдениет үйінің жетекшісі Тлемисова Дина Амантайқызының ұйымдастыруымен өткізіліп, ауыл әкімшілігі тарапынан 100 дана тегін балмұздақ таратылып, сыйлықтар үлестірілді.

       Астана күні қарсаңында Т.Қалмағанбетов атындағы филормония әртістерінің келіп тегін қойған концерті ауыл тұрғындарын бір серпілтіп тастады.

     1 қазан Қарттар күніне «Қарттарым асыл қазынам»,- атты мерекелік концерт қойылып, соңынан қарттарға мерекелік дастархан жайылып құрмет көрсетілді. Бұл қарттарға деген құрмет дәстүрге айналып, бүгінгі күні шаруа қожалық иелері осы бастаманы қолдап жыл сайын құрмет көрсетіп дастархан жаюға өз қызметтерін көрсетуге ниет білдіріп отыр.

     Бүгінгі күні ауыл клубын жөндеу жұмыстарына 9 млн 400 мың теңгенің сметалық құжаттары толық дайындалып , бұл жұмыс 2018 жылдың Жезқазған қаласының 3 жылдық даму бағдарламасына енгізілді.

          Биылғы жылы қалалық бюджеттен әкімшілік ғимаратының кабинеттерін жөндеу жұмыстарына 1 млн теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Көктемгі үш айлық санитарлық тазалыққа байланысты ауыл іші толық күл- қоқыстан тазартылды. Қысқы уақытта боран кездерінде ауыл іші , тас жолдар, қоралардың арасы тұрақты түрде қардан тазаланып отырды. Санитарлық тазалық, аялдамаларды әктеу , сырлау жұмыстары уақытылы ұйымдастырылып отырады. Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 26 адам.

      Көктемгі су тасқынына байланысты жұмыстар тұрақты түрде өтті. Өрт сөндіруге байланысты 3 ерікті өрт сөндірушілер тобы құрылған, өрт кезінде жұмыстар ұйымдастырылады.  

      Село тұрғындарының, ауыл жастарының, мектеп оқушыларының арасында  басқа  діни ағымдардың жетегіне ергендер жоқ. Жергілікті тұрғындарға діни  насихат жұмыстарын жалғастыру барысында №14 орта мектеп оқушыларымен ата аналар арасында және  Жезқазған қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мамандарының, теологтардың  қатысуымен  кездесулер ұйымдастырылып, түсіндірме жұмыстары  жүргізіліп отырады.  Діни ахуалға байланысты мәселелер туындаған жоқ.  Бүгінгі күні халық пен демеушілердің арқасында ауылдағы мешітке (намазханаға) жөндеу жұмыстары жүргізіп, құжаттары рәсімделуде.

       Жезқазған – Талап   бағыты бойынша күніне 6 рейс автобус қатынасы тұрақты түрде адамдарды тасымалдайды, халықтың біраз бөлігі қалалық  өндірістерде  және әр түрлі салаларда жұмыс істейді, тұрақты айлық жалақымен қамтамасыз етілген.

      Талап селолық округінде 30 шаруа қожалығы орналасқан.   Биылғы 2017 жылғы шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтарының статистикалық   мал санының  көрсеткіштері:  мүйізді ірі қара – 1067 бас, қой- ешкілер саны-  2932 бас, жылқылар саны- 893 бас, түйе – 16. Жоспар бойынша ауыл шаруашылық малдарына  әр түрлі   егіп- емдеу , бірдейлендіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл шаруашылық малдарынан аурулар шыққан жоқ. Мал басы алдағы жылдармен салыстырғанда біршама өскен.

      Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы  басымдықтарының бірінде жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керектігін атап айтқан болатын. Осыған сәйкес  Талап селолық округінде 7 адам  шағын кооператив құрамына кіріп ,  қазіргі күні  құжаттары  рәсімделіп  жатыр.

      Суармалы жерлерді тиімді пайдалануға байланысты алдағы жылдары Сэтти- Ком ЖШС өкілдерімен келісім шартқа отырып, 100 га жерге өз қаржысына картоп өнімдерін өсіруге жоспарлап отыр.

     Селодағы ауыл тұрғындары жалақыларын , зейнетақыларын , жәрдемақыларын уақытылы алып тұрады, халықтан ешқандай шағым- арыз түскен жоқ.

       Халықтың әлеуметтік саяси жағдайы тұрақты.

  

 

 

Талап селосының  әкімі                                                    Ғ.Е.Битенов