"Талап селосы әкімінің апппараты" мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат Отчеты Талап селолық округінің  әкімі  Ғ.Е.Битеновтың  2018 жылда атқарылған жұмыстарының есебі

Талап селолық округінің  әкімі  Ғ.Е.Битеновтың  2018 жылда атқарылған жұмыстарының есебі

Опубликовано: 15 января 2019

        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы ««Қазақстандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы маңызды стратегиялық бағдарламалары мен ауқымды жобаларының барлығы да ел болашағы үшін жасалып, экономикамызды өркендетуге бағытталған. Жыл сайынғы Жолдауынан туындаған мәселелер ауыл әкіміне қойылған міндеттер халық мұқтаждарын орындауға бағытталған.

         Елбасымыздың Жолдауында  аталып өтілген мақсаттар мен міндеттерді орындауда ауылымызда атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек, Талап ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы күнде атқарылуға тиісті мәселелер туралы сіздерге баяндап бермекпін.

 

Округ бойынша статистикалық  көрсеткіштері

Тұрғындар саны:

Талап  селолық округінде                                                    632 адам

оның ішінде экономикалық белсенді халық саны             237 адам

зейнеткерлер                                                                         84 адам

көп балалы  жәрдемақы алушылар                                     13 адам

жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек  алатындар саны -2 отбасы

 

      Жергілікті өзін өзі басқару қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған қаржының түсуі мен жұмсалу жоспары талқыланады. Жұмсалатын қаражатты қадағалау үшін  5 адамнан тұратын мониторингтік комиссия құрылған. Түскен қаржы жергілікті елді мекендер көшелерін жарықтандыру бағдарламасы бойынша  және  санитарлық тазалау жұмыстарына  жұмсалады.

Денсаулық сақтау.                                                                                

      Медицина саласы бойынша округте қазіргі таңда фельдшерлік акушерлік пункт  қызмет атқарып отыр. Қалалық Емханадан бекітіліп берілген жұмыс кестесі бойынша жұмыс атқаратын  1 медбибі бар.

    Сонымен қатар есепте тұрған  адамдар  тегін дәрімен қамтамасыз етілген. 

2018 жылы фельдшерлік бөлімшеге тіркелгендер  - 677   адам ,

 бөлімшеге  келіп емделгендер саны                        - 503 адам,

 үйге шақыртулар                                                      - 197 адам

скрининг бойынша тексеруден өткендер                - 105 адам

Округ бойынша ауыл халқы 100 пайыз флюрографиялық тексерістен өтті. Бүгінгі күні ауылдың біршама тұрғындары «Даму мед»  интернет желісі арқылы  қалалық емханаға дәрігерлердің қабылдауына тіркеліп, тиісті ем – домдарын алуда.

Елді мекенді абаттандыру, санитарлық тазалау, сәулеттендіру және көгалдандыру бойынша  біршама жұмыстар ойдағыдай атқарылды.   

Автомобиль жолдарында көлік қызметтерін қамтамасыз етуге, яғни елді мекендердің ауыл көшелерінің қарын тазалау жұмыстарына 2018 жыл бойынша тендер ойнатылып жеңімпаздармен келісім шарт жасалып тазалау жұмыстары толығымен орындалды.

        Көктемгі үш айлық санитарлық тазалыққа байланысты ауыл іші толық күл- қоқыстан тазартылды. Қысқы уақытта боран кездерінде ауыл іші , тас

жолдар, қоралардың арасы тұрақты түрде қардан тазаланып отырылады. Селодағы  аялдамаларға әктеу , сырлау жұмыстары уақытылы жүргізіледі.

         Көктемгі су тасқынына байланысты жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылады. Өрт сөндіруге байланысты 3 ерікті өрт сөндірушілер тобы құрылған.

 

Білім  саласы  бойынша                                                                          

       Селодағы   №14 ЖОББ мектебінде 95 бала дәріс алады . Әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларынан 63 оқушы ыстық тамақпен қамтылған.

Балапан бағдарламасы шеңберінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен  және  оқытумен  қамтамасыз  ету  мақсатында  Талап  ауылының  № 14 мектебінің жанындағы  шағын орталығында 25 орынға балабақша ашылған. Бүгінгі күні халықтың балабақшаға сұранысы толық қанағаттандырылды.  

       2018 жылы қалалық бюджеттен мектептің сыртқы қоршауын ауыстыру жұмыстарын аяқтауға  3 млн 360 мың теңге  қаржы бөлініп, осы бөлінген қаржы  шілде айында игерілді.

Мектептің спорт залы күрделі жөндеуден өткізілді (3 млн 500 мың).

       Атап айтар болсақ, Талап ауылындағы мектеп алаңына көп салалы футбол алаңын орнатуға 7,5 млн   теңге қаржы бөлініп,2018 жылдың тамыз айында орнатылып, сонымен қатар ТОО ЖШС СТИНГ ТФК фирмасының директоры М.Т.Жахметовтың демеушілігімен Талап ауылының мектеп ауласына ауыл жастары мен мектеп оқушыларына арналған заманауи үлгідегі жаттықтыру алаңы (Стрит Воркаут) салынып, тамыз айында пайдалануға берілді.

          2018 жылғы  бекітілген іс-шаралар жоспары бойынша ауыл тұрғындарының және мектеп оқушылары мен мектеп ұжымының қатысуымен бірнеше іс – шаралар өткізілді, сенбілік, таза бейсенбіліктер т.б.

       

 

Жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында бокс, волейбол, баскетбол, шашки, шахмат т.б  спорт секциялары, шебер қолдар қазақтың ою-өрнектері, «Әсем-ай» ән-би үйірмелері және өртке қарсы  жасөспірімдерден құралған үйірмелер жұмыс істейді. Оларға қатысатын оқушылар әртүрлі деңгейдегі қалалық, облыстық,
халықаралық дәрежедегі конкурс, сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, грамоталармен марапатталып, медальдар тағынып, кубоктарды жеңіп алуда.

      Ауылдағы учаскелік полиция қызметін өз деңгейінде атқарады. Ауыл тұрғындарымен және жасөспірімдер арасында жоспарлы  тәртіптік профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Кешкілік кезекшіліктер және мал ұрлығын болдырмау мақсатында потрульдік рейдтер жүргізіліп отырылады.

 

Мәдениет саласы бойынша 

        Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына С.Сейфуллин атындағы кітапхана бөлімшесі қызмет көрсетеді, ондағы кітап қорының саны 7238 дана болса, кітапханаға келуші оқырмандар саны да артуда.

       Ауылда әр мереке сайын түрлі мәдени іс- шаралар ұйымдастырылып тұрады:  8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні, 22 Наурыз «Ұлыстың Ұлы күні» мерекелерін ауыл тұрғындарының қатысуымен концерттік, мерекелік дастархан, ойын-сауық кештері ұйымдастырылып, аз қамтылған отбасыларына  дастархан  жайылды.

         9 мамыр- Ұлы Жеңіс күні қарсаңында «Ешкім де , ешқашан ұмытылмайды»,- атты ескерткіш тақтаға гүл шоқтары  қойылып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

        2018 жылы  клуб ғимаратының жөндеу жұмыстарына  9,8  млн теңге қаржы бөлініп,  толық  күрделі жөндеуден өтіп, халық игілігіне тұтынуға берілді және бүгінгі күні қалалық мәдениет бөлімінің қаржысынан  клубқа музыкалық дабыс шығаратын құрылғылар, балалардың үйірме жұмыстарына 12 дана домбыра сатып алынды. Жезқазған қалалық мәслихатының депутаты, жеке кәсіпкер, Білім меценаты Бекзат Қомарұлы Алтынбеков 5 домбыра сыйға тартты. Бүгінгі күні үйірмеге  қатысатын ауыл балалары аспаптармен толық қамтамасыз етілді. Келешекте клуб ғимаратына жиһаздар алыну жоспарлануда.
        2018 жылдың 1 маусымы «Балаларды қорғау» күні ауылымыздағы    мәдениет ошағының салтанатты  түрде ашылуына сәйкес келді.Мерекеге арналған іс- шараны  мәдениет үйінің жетекшісі ұйымдастырып, ауыл тұрғындарына мектеп оқушылары тарапынан  концерттік бағдарламалар көрсетіліп ауыл әкімшілігі тарапынан балаларға 100 дана тегін балмұздақ үлестірілді.

      Діни ахуалға байланысты тұрғындар арасында жағдай қалыпты. Бүгінгі күні ауылдағы мешітке (намазханаға) күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Мешіттің ашылу салтанаты 2018 жылдың 15 маусымында ораза айт мерекесінің алғашқы күнімен тұспа-тұс келді.      

1 қазан Қарттар күніне «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»,- атты мерекелік концерт қойылып, соңынан қарттарға мерекелік дастархан жайылып құрмет көрсетілді. Бұл қарттарға деген құрмет дәстүрге айналып, бүгінгі күні шаруа қожалық иелері осы бастаманы қолдап жыл сайын қарттарға құрмет көрсетіп дастархан жаюға өз қызметтерін көрсетуге ниет білдіріп отыр.                                                                                              

        1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне  орай мерекелік бағдарлама шеңберінде жастармен кездесу өтті.                                                       

      16 желтоқсан «Тәуелсіздік тұғырым менің», - атты салтанатты жиын өткізілді. Тәуелсіздік күніне арналған жиында жастар өздерінің рухани және патриоттық тәрбиеде өз ойларынан шыққан жүрек- жарды жырларын оқыды.             

Биылғы жылғы әкімшіліктің  ұйымдастыруымен өткізілген шыршада мектебіміздегі - 15 аз қамтылған отбасыларының балаларына  сыйлықтар берілді.                                                                                                        

        Ауыл тұрғындарының қатысуымен 31 желтоқсанда ауыл клубында «Көгілдір оттар кеші» өткізіліп, соңынан  жастарға арналып би кеші қойылды.                                                                                                    

       Соңғы жылдары шешімін таппай жүрген Жезқазған  Талап арасындағы 18 шақырым ауыз- су құбырын ауыстыру мәселесі болатын. Халық үшін сапалы ауыз суға қолжетімділіктің маңызы өте зор. Биылғы жылы облыстық бюджеттен ауыз су құбырын ауыстыруға 223 290 914 теңге қаржы бөлініп құбырды ауыстыру жұмыстары мамыр айында басталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі биылғы 2018 жылдың қараша айы болатын. «Бітер істің басына, жақсы келер қасына» дейді. Елім деген ел азаматтарының еңбегінің арқасында бүгінгі күні ауылымызда жаңа ауыз-су құбыры іске қосылып, ауыз- су мәселесі толық шешілді.                                                          

      2018 жылы ауылдағы Құрманғазы көшесіндегі тас жолды жөндеу жұмыстарына қалалық бюджеттен 8 млн қаражат бөлініп, қаржы толықтай  игерілді.

       Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 27 ақпандағы  тапсырмасына сәйкес елді мекендер мен көшелерге қайта атау  негізінде Талап селосы әкімінің 2018 жылғы 18 қазандағы «Талап селосындағы Комсомольская көшесін Болашақ көшесі болып ауыстырылды.

 

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша  

Талап селолық округі бойынша шаруа қожалықтары мен үй шаруашылықтарының статистикалық   мал санының  көрсеткіштері:

Ірі қара

995

Ұсақ мал

2717

Жылқы

1119

Түйе

15

 

Жоспар бойынша ауыл шаруашылық малдарына  әр түрлі   егіп- емдеу , бірдейлендіру жұмыстары және биылғы жылы бірнеше мәрте қаңғыбас иесіз иттерді жою жұмыстары жүргізілді.Талап селолық округінде мал және егін шаруашылығымен айналысатын 30 шаруа қожалығы бар. Атап айтатын болсақ шаруа қожалық иелері Қ.Шөпшібаева, М.Магзумов, Б.Байсалбаев, С.Үдербаев, С.Гончаров және т.б. мал бастарының санын көбейтіп, ет және сүт тағамдарын өндіруде.                                                                  

       Шаруа қожалық иесі Б.Байсалбаев ірі қара малдарын асылдандыру мақсатында несие алып, сүтті және етті бағыттағы ірі қара мал басын сатып алды. Осы шаруашылықтан түскен ет , сүт өнімдерін сататын дүкен ашып, өз тауарларын халыққа ұсынуда.  Шаруа қожалық иесі М.Магзумов та соңғы жылдары тұрақты түрде жаз айларында Жезқазған қаласындағы Құрылысшылар алаңында қазақтың салт-дәстүрін насихаттау мақсатында киіз үй құрып, қазақтың ұлттық тағамдарын (қымыз, бауырсақ, ет) қала қонақтары мен тұрғындарына ұсынуды дәстүрге айналдырған және Жезқазған қаласындағы Алашахан даңғылының бойынан әлеуметтік дүкен ашып халыққа қызмет көрсетуде.

        Жұмыссыздықты болдырмау жаңа жұмыс орындарын ашу, бизнес жобаларын жүзеге асыру, қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру, инвестициялық ахуалды жақсарту сынды мәселелердің қай- қайсысы болса да , мемлекет үшін, оның әрбір азаматы үшін үлкен маңызға ие. Талап селолық округінде биылғы жылы 3  жұмыссыз адам  Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан  3 млн несиелерін  алып, мал шаруашылығымен айналысуда.                                                                                             

       Барлық әлеуметтік объектілер мен тұрғын үйлер қысқы отынмен, (көмірмен) Жезқазған қаласындағы ЖШС «Серрлит» фирмасынан 14500 теңгеден Шұбаркөл көмірі және 10000 теңгенің Қияқты көмірімен қамтамасыз ету үшін көмір тасымалдауға әкімшілік тарапынан көлік ұйымдастырылды.

        Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған қай Жолдауында болмасын, халықтың әлеуметтік жағдайын бірінші кезекке қойып оны жақсарту бағытында нақтылы тапсырмалар беріп келеді. Біздің басты міндетіміз халыққа көмек көрсету, олардың арасындағы жұмыссыздықты жою, жұмысқа орналастыру.  Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны 24 адам, соның ішінен биылғы жылы 3 жұмыссыз адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздықты болдырмаудың бірден- бір жолын табу кіші және орта бизнес ашу, қолайлы кәсіпкерлік ортаны қалыптастыру.

Қорытындылай келе 2018 жылы біршама жұмыстар атқарылып, атқарған жұмыстарымызда белсенді түрде көмек көрсеткен мекеме басшыларына, жалпы барлық ауыл тұрғындарына рахмет айтамын. Алда да Елбасымыздың саясатын қолдай отырып, көптеген  жоспар бойынша жұмыстар мен міндеттерді ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып орындаймыз деп сенемін.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

2019 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары

 

  1. Кіреберіс тас жолдарды жөндеуге қалалық бюджеттен 25 млн теңге қаржы бөлінді.

2.Мектептің төбесінің шатырын ауыстыруға -32 млн 829 мың теңге

  1. Талап селосы бас жоспарын жасау . Жезқазған қаласының қала құрылысы және архитектура бөлімі арқылы Талап селосының басты жоспарын (ПДП) жасау үшін 11 млн 200 мың теңге бөлінуі жөнінде өтінім беріліп, бюджеттен қаржы қарастырылып, бүгінгі күні жұмыстар жүргізілуде.
  2. Алдағы жылдары 15 шақырымдық Жезді су қоймасының Талап селосындағы егінді жерлерді игеруге су құбырын қалпына келтіруге «Қазсушар» мекемесі арқылы сметалық құжат жобасы жасалынып, дайындалуда.

5.Шағын және орта бизнесті қалыптастыру негізінде ауыл шаруашылығына қаржылай көмек көрсету орталығымен жұмыстарды ұйымдастыру.

6.Алдағы жылдары ауылды газдандыруға байланысты сметалық құжаттар жобасы дайындалу жоспарланып отыр.