"Талап селосы әкімінің апппараты" мемлекеттік мекемесі
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Ақпарат «Талап селосы әкімінің апппараты» ММ туралы ереже
Опубликовано: 16 февраля 2011

Жезқазған қаласы әкімдігінің
2010ж. «___»______________
№_______
қаулысымен бекітілген
 

 
« Талап селосы әкімінің апппараты »
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

 
 

Жалпы ережелер.
       1.1.    Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарымен құрылатын   мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген бұдан әрі Мекеме  деп аталатын «Талап селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік орган болып табылады. 
       1.2.    Мемлекеттік органның толық атау: «Талап селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
       1.3.    Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы  Президентінің, Үкіметінің, Жезқазған қаласы әкімдігінің актілеріне, өзге де норматитвтік құқықтық актілерге, сондай – ақ Мекеме туралы   ережеге сәйкес жүзеге асырады.
       1.4.   Мекеме заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері,  сондай –ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
       Мекеме азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Мекеменің мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
        1.5. Мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен тиісті аумақта міндетті  күші болатын актілер шығады.
        1.6.   Мекеменің құрылымы мен шекті   штат санын Жезқазған қаласының әкімдігі бекітеді.
        1.7.   Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 100600, Талап с., 3 ықшам ауданы.
        1.8. Мекеме жергілікті мемлекеттік органға жатады және оның қызметі Талап селосының аумағына тарайды.
        1.9. Мекеменің құрылтайшысы мемлекет атынан Жезқазған қаласының әкімдігі болып табылады. Мекемені құру туралы акті мен ол туралы Ереже мекеменің құрылтай құжаттары болып табылады.
        1.10. Мекеме қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Мекемеге өз функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасасуға тыйым салынады.  Егер Мекемеге заң актілерінде кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе,  онда мұндай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жолданады.
 
Мекеменің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары.
2.1. Мекеме село әкімі қызметін ақпараттық – талдамалық, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық  – техникалық қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады.
2.2. Мекеменің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саятсатының негізгі бағыттарын Талап  селосын дамыту мүдделері мен қажеттерінмен ұштастырып жүзеге асыру;
3
 
    2) селоны дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті,  әзірлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
    3)   селоның коммуналдық меншігін басқару;
    4)   әлеуметтік және экономикалық процестерді басқаруды жүзеге асыру: нарықтық қатынастарды әзірлеу және жүзеге асыру;
    5) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің,  Жезқазған қаласының    әкімдігі актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және орындалуын бақылау, анықталған кемшіліктерді,  олардың орындалмау себептері мен жағдайларын жоюға шара қолдану;
      6)   село әкімі өткізетін кеңесулерді, кездесулерді, қабылдаулар мен өзге шараларды ақпараттық – талдамалық, ұйымдастырушылық – құқықтық және материалдық – техникалық қамтамасыз ету;
      7) село әкімінің қызметін құжаттық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау,  азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, іс жүргізуді қамтамасыз ету, құпия құжаттармен жұмыс істеу;
     8)    село әкімінің қатысуымен болатын шараларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұйымдастырушылық  және ақпараттық қамтамасыз ету, олармен өзара қатынасты ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы Президенті  мен Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатын, селоның экономикалық және әлеуметтік жағдайын, мәселені шешу жолдарын түсіндіру.
      9)     село әкімінің шешімдері мен өкімдерін сақтау;
      10)   Қазақстан Республикасының актілерінде белгіленген міндеттерді орындау.
      2.3. Мекеменің құқықтарымен заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне,  Қазақстан Республикасының  өзге де норматитвтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік органның  негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажет құқықтар белгіленеді.
 
Мекеменің мүлкі.
       3.1.   Мекеменің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі мен айналымдағы қаражаттан, сондай – ақ   құны мемлекеттік органның балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
       3.2.    Мекемеге бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
       3.3.    Мекеменің өзіне бекітілген мүлік пен қаражатты дербес оқшауларға немесе оларға өзге тәсілмен билік  етуге құқығы жоқ.
 
 
 
 
 
Мекеменің қызметін ұйыдастыру.
 
 4.1. Мекемені Жезқазған қаласының әкімі   қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Талап селосының әкімі басқарады.
 4.2. Талап селосы әкімінің құзыреті «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»  заңға сәйкес белгіленеді. Әкімнің заңдарда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен  босатылатын орынбасары болады.
         4.3.  Талап селосының әкімі мекеменің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын  жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
         4.4.   Талап селосының әкімі осы мақсатта:
     1) өзінің орынбасарының және мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттілігін белгілейді;
     2)   заңдарға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды  және қызметтен босатады;
     3)   заңдарда белгіленген тәртіппен мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
    4)    мекеменің   актілеріне қол қояды;
    5) мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
    6)   мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мекемені білдіреді;
    7)   заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
        4.5. Егер мекемеге заңдарға сәйкес алқасы болу құқығы берілсе, онда ол ол   консультативтік – кеңесші орган ретінде құрылады.
 
Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату.
         5.1.   Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының   заңдарына сәйкес жүзеге  асырылады. 
 
6. Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі.
         6.1.   Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  Жезқазған қаласының әкімдігі жүзеге асырады.