Государственное учреждение "Аппарат Акима с. Талап"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Публикации Ана-өмір шуағы

Ана-өмір шуағы

Опубликовано: 19 февраля 2017

«Ақ орамал» республикалық Ассамблея акциясы

Қандай жағдай болса да жүрегі тілініп, жаны жараланатын, қамығып қайғыратын бір жан бар. Ол - Ана. Сондай бір оқиға 1949 жылы 29 тамызда орын алды.

Кездесу кешінің жоспары

1.Бейнебаян (Семей ядролық полигоны)

2.«Ақ орамал» республикалық акциясы аясындағы «Ана- өмір шырағы» кездесу кешінің әзірлемесі

3.Әжелеріміздің батасымен жас келіндерімізге орамал салу рәсімі (Әжелердің бата тілектері, орамал салу рәсімі)

4.Слайд «Ақ орамал»

5.«Ешкім де ешқашан ұмытылмайды» ескерткіш тақта алдына гүл шоқтарын қою.

Ақ орамал –нәзік сезімнің символы.

 Ақ орамал- от анасының басындағы байрақ.

Ақ  орамал- кие мен серт.

Орамал-жаны нәзік жаратылған болмыс иелерінің басындағы байрақ.

Республикамыздың түкпір-түкпірінде Аналар Кеңесінің ұйымдастыруымен «Ақ орамал» республикалық акциясы өткізілуде. Акцияның негізгі мақсаты – қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыру болып табылады. Республикамызда өткізіліп жатқан «Ақ орамал» акциясына қолдау көрсету мақсатында Талап ауылы әкімшілігінде «Ана – өмір  шуағы»  тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылды. Кездесу кешіне Талап ауылының тұрғындары, соның ішінде ауыл – аймаққа танымал, өсіп – өнген, елге үлгі -  өнеге бола білген гауһар той, алтын той иелері арнайы қонақ ретінде шақырылды.

Кездесу кешіне мектеп оқушылары да қатысып, «Ақ орамал» акциясына өз үлестерін қосты.

«Ана – өмір шуағы» тақырыбындағы кездесу кешіне шақырылған гауһар той, алтын той иелері Бимендинова Шолпан, Смайлова Орынбасар, Станбекова Бақыт  сынды ақ жаулықты аналар  ауылдың көп балалы жас келіндеріне «ақ орамал» салу рәсіміне ие болды.

Өз кезегінде жас келіндеріміз көп балалалы Жұмағұлова Анар, Нагманова Данара және Байбосынова Аманкул қазақтың салтына сай орамалды басынан тастамайтын үлгілі келін болуға уәделерін берді.

Талап ауылындағы көп балалы аналар Жумагулова Анар, Байбосынова Аманкул  мен  жас келін Нагманова Данара  ақ жаулықты аналардың бата-тілектерін алып,  «ақ орамал тарту» рәсімінің иегерлері атанды.

Ақ жаулық – аналарға, ақ орамал – жас келіндерге жарасымды. Жарасымдылықты сақтайықшы!!!

Аталары мен әжелерінің көз қуанышы бола білген немерелер  өз ән шашуларымен ортада.

Ауыл тұрғыны  Амангелді Марта  да той иелерін ән шашуы арқылы құттықтауды жөн санады.

Ақ орамал тарту мәртебесіне ие болған жас келіндер де өз кезегінде ақ жаулықты аналарға өзіндік тарту жасағанды жөн деп тапты.

Әкімшілік тарапынан той иелеріне арнайы ескерткіш сыйлық (отбасы мен отанасы портреті мен өз отбасылары жайлы жазылған мақала жинағы) ұсынылды.

Арнайы сыйлықтар той иелеріне ұнаған сынды.

Кеш соңында ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты аналар  «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойып, Ұлы Отан соғысы кезінде мерт болғандарға құрмет көрсетуді де ұмытпады.

Кештен естелік... Жылдар естелігі болмақ

Үнемі бұлай бас қосыла бермес...

Кездесу кешіне арналған сыйлықтар

Арнайы сұраныспен құрастырылған той иелері жайлы мақала, сұхбаттар жинағы (авторы К.С.Омарова)

Отбасы мен отанасы портреті