Государственное учреждение "Аппарат Акима с. Талап"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Новости Талап ауылында намазхана ашылды

Талап ауылында намазхана ашылды

6 июля 2018

        Қасиетті Рамазан айы қарсаңында ,Талап  ауылында жаңа намазхананың ашылуы ораза айт мерекесінің алғашқы күнімен тұспа – тұс келіп, ауыл халқы қуанышқа бөленді. Оның ашылу салтанатына Жезқазған  қаласының Ахмет Ишан Оразайұлы атындағы мешітінің  бас имамы Смағұлов Мәди қажы Тоқпанұлы, Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімінің өкілдері, сондай-ақ намазхананы жөндеуге қол ұшын берген кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

        Намазхана салтанатты түрде ашылып, ақ жаулықты әжелер шашуларын шашты. Салтанатты жиында  сөз алған ауыл әкімі Ғ.Е.Битенов барша жиналғандарды құттықтап, өз лебізін білдірді. Шара соңында жұртшылыққа  арнайы дастархан жайылып , ас берілді. Ауыл тұрғындары намазхананың ашылғанына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп, осындай игі бастама өзгелерге де үлгі болсын деген  ниетпен тарасты.

      Намазхана  құтты болып, жамағаты  көп болсын!