Государственное учреждение "Аппарат Акима с. Талап"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Новости «Жезді магистралдық каналын қайта қалпына келтіру» жобасын іске асыру бойынша ақпарат

«Жезді магистралдық каналын қайта қалпына келтіру» жобасын іске асыру бойынша ақпарат

11 сентября 2018

Талап ауылдық округінде 3028 га суармалы жер бар, суармалы жерлерді толық игеруге байланысты, тозығы жеткен 15 шақырым Жезді магистральды каналын жүргізу үшін жөндеу жұмыстары қажет.

Осыған орай бүгінгі күні Талап селолық округінде орналасқан Жезді су қоймасына суармалы каналды халықаралық инвестицияларды тартып инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын «Қазсушар» РМК жүргізеді.        

Суармалы жерлерді қалпына келтіру жоспарының 1 кезеңінде Жезқазған қаласы жерлерінде 3028 га кіреді.  Барлық инфрақұрылымдық нысандары 2007 жылы мүлікті жариялау жөнінде комиссиясының шешімімен  «Қазсушар» РМК атына рәсімделген.

Жер телімдері «Қазсушар» РМК атына 2008 жылғы 11 сәуірдегі №261/4 қаулысымен тұрақты жер пайдалану құқығымен рәсімделген. Жезді су қоймасы 2004 жылы «Қазсушар» РМК атына рәсімделген.

«Қазсушар» РМК Қарағанды филиалы Қарағанды облысы бойынша «Талап егілетін суармалы жерлердің гидромелиоративті жүйелерін қайта құру және жаңғырту» мемлекеттік инвестициялық жобаға арналған инвестициялық ұсыныс шеңберінде Талап селосы аумағында орналасқан Жезді магистральді каналына реконструкция жасау бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлауда.